×

Павлодарда жергілікті кәсіпкерден 52 млн теңге бопсалаған қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды

 Данияр Айтпайұлы 19.04.2022 | 12:24
скриншот: видео

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкерлері 15 сәуірде Павлодар қаласында 54 жастағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады. Күдікті Ткачев көшесіндегі бассейндердің бірінің жанында қолға түскен.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-быбының 4-тармағының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктіге ұйымдасқан қылмыстық топпен ақша бопсалады деген айып тағылып отыр.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшысынан қорқыту, психологиялық қысым жасау арқылы 52 млн теңге қаражат бопсалаған.

Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іске қатысты басқа деректер әзірге құпия сақталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама