×

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 18,8 млн теңгесін аударып жіберген

Ол интернеттегі жарнамаға сеніп қалған

 Дәурен Ерболат 22.05.2023 | 10:50
Фото: inform.kz

Ақмола облысында 68 жастағы зейнеткер инвестиция жасаймын деп алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл 2 мамырда Степногорск қаласының тұрғыны интернеттегі жарнамадан Halyk Bank биржасына тиімді инвестиция салу ұсынысын көріп, оған қызыққан. Ол сайттағы нөмірге қоңырау шалған.

Алаяқтар зейнеткерді уақыт жоғалтпай мұнай, газ және тағы басқаны сатудан немесе сатып алудан пайда табуға болады деп сендіріп, 2-17 мамыр аралығында банк шотына ақша аударуға көндірген.

Залалдың жалпы сомасы – 18 млн 800 мың теңге. 68 жастағы тұрғын бұл ақшаны түрлі банктен несие және туыстарынан қарыз арқылы алған. Ол ақшаны аударғаннан кейін алаяқтар хабарласуды қойған. Зейнеткер алдағанын түсініп, полициядан көмек сұраған.

Степногорск қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама