×

Ақтөбе көшесінде мас халде жүрген «полицей» ұсталды

Оның үстінен 3 бап бойынша хаттама толтырылды

 Динара Амантай 22.05.2023 | 09:22
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде мас әйел полиция формасын киіп алып, көшеде жүрген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 мамырда жедел басқару орталығының «102» телефонына Есет батыр шығынауданында мас халдегі полиция қызметкерінің жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап, учаскелік полиция пунктіне жеткізді.

Ол ӘҚБтК-нің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру»), 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») және 675-бабы («Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)») бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді.

Сондай-ақ оның полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама