×

Кеншілердің зейнет жасына қатысты шешім мамырдың аяғында қабылданады

Қазір Еңбек министрлігі мен сақтандыру компаниялары арасында мәміле жүріп жатыр

 Дәурен Ерболат 16.05.2023 | 13:51
Тамара Дүйсенова, фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қауіпті өндіріс орындарда жұмыс істеп жүргендердің зейнет жасына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Еңбек министрлігі бұған дейін сақтандыру компанияларының есебін күтіп отырғанын хабарлаған болатын.

Кеше жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін біз сақтандыру қорларымен кездесеміз. Таяу арада мәмілеге келеміз деп ойлаймын. Мен консенсусқа ертең-ақ келуге дайынмын, бірақ бұл жерде серіктестеріміз бар ғой, - деді министр.

Бұған дейін Еңбек министрі қауіпті өндіріс орындарда жұмыс істеп жүргендер үшін зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі қаралып жатқанын айтқан еді.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалану мүмкіндігі берілді.

2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері шамамен 1,8 есе өсті. Мәселен, 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама