×

Кеншілер үшін зейнетақы жинағының шекті мөлшері төмендетілуі мүмкін

Қауіпті өндіріс орындарда жұмыс істеп жүргендерге мәселе жұмыс тобында қаралып жатыр

 Дәурен Ерболат 05.12.2022 | 14:05
Тамара Дүйсенова, фото: Halyq Uni

2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалану мүмкіндігі берілді.

2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері шамамен 1,8 есе өсті. Мәселен, 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге жетті.

Бұған дейін қазақстандықтар үшін зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі жұмыс тобында қаралатыны айтылған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс тобында кеншілер үшін зейнетақы жинағының шекті мөлшері төмендету мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Жұмыс тобында зейнетақының жеткіліктілік шегін төмендету мәселесі қаралып жатыр. Қауіпті өндіріс орындарда жұмыс істеп жүргендерге, шахтерлерға қатысты жұмыс жүргізілуде, – деді министр.

23 қарашада Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетіп, инвестициялық табыстың бір бөлігін алуға мүмкіндік беруді ұсынды. Ал, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі қарастырылмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама