×

Жамбылдық 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып қойған

Ол өзінің кінәсін толық мойындады

 Динара Амантай 15.05.2023 | 12:42
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқылы алмаға айырбастап алған.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама