×

Кения тайпасының өкілдері әлемдегі ең кәрі арыстанды өлтірді

Амбосели ұлттық саябағында жүзден аса арыстан қалды

 Динара Амантай 14.05.2023 | 00:26
Фото: t.me/BILD_Russian

Әлемдегі ең кәрі деп есептелетін 19 жастағы кениялық арыстан Лункитоны жергілікті масай тайпасының жауынгерлері найзамен шабуылдап өлтірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олар арыстанды ауылдың малына шаппақ болған жерінен ұстаған.

«Cats for Africa» табиғатты қорғау тобы африкалық арыстандардың табиғатта өмір сүру ұзақтығы сирек жағдайда ғана 18 жылдан асатынын атап өтті. Кенияның жабайы табиғат қызметі (KWS) өз кезегінде Лункитоның үлкен мысықтар арасында «аңызға айналған жауынгер» болғанын жазады.

Ол өз бетімен аң аулауы қиынға соққан өте кәрі арыстан еді. Ал ауылдағы мал – оңай олжа. Әдетте арыстан жабайы жануарларды аулайды, - деп түсіндірді KWS өкілі Пол Джинаро.

Қазір Лункито өмір сүрген Амбосели ұлттық саябағында жүзден аса арыстан қалды. Олардың барлығын Халықаралық табиғатты қорғау одағы «жойылу қаупінде» тізіміне енгізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама