×

Алматыда 27 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді

Биыл қалада 13 мектептің құрылысы басталады

 Ербол Тұрымбет 13.05.2023 | 12:00
Фото: halyq-uni.kz

Алматыдағы 27 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді. Ал жаңа мектептер салынбаса, орын тапшылығы 2026 жылға қарай 125 мыңға жетуі мүмкін.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қалалық филиалының хабарлауынша, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Алматыда 22 мектеп салу жоспарланған. 2023 жылы 13 мектептің құрылысы басталып, қалған мектептің құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша салынбақ. Ол 22 мектеп 27 мың баланы қамтиды.

Ұлттық жоба шеңберінде салынатын мектептерде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасы қалыптастырылмақ. Ол мектептер:

• Қажетті оқу жабдықтары мен жиһаздармен, түрлі пән кабинеттерімен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т.б. толық жабдықталады.

• Мектеп кеңістігі заманауи эстетикалық тартымды көрінісін қалыптастыра отырып безендіріледі.

• Жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын интернет желісімен  қамтамасыз етіледі.

• Мұғалімдердің жайлы жұмыс істеуі үшін мұғалімдер бөлмесі, рекреациялар, кітапханалар және өзге де орындарда орналасқан педагогтер үшін жабдықталған жұмыс орындары жасалады. 

Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мектеп кеңістігін бейімдеуді қамтамасыз ететін бірыңғай стандарт қолдану жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама