×

Зергерлік дүкеннен 180 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды

Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары болып шықты

 Динара Амантай 10.05.2023 | 14:41
Фото: видеодан скриншот

Степногорскіде зергерлік дүкенге 180 млн теңгеден аса шығын келтіргендер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды. Еске сала кетсек, 1 мамырда белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен еді.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола облысы ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде екі күдікті елордада ұсталды. Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары болып шықты. Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама