×

Жетісу облысында жылқының кесірінен 1 адам қаза тапты

Жыл басынан бері облыстың автожолдарында 126 жол-көлік оқиғасы тіркелген

 Динара Амантай 10.05.2023 | 12:35
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен 1 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Daewoo Nexia автокөлігі Үшарал – Достық тасжолының 48-шақырымында апатқа ұшыраған. Автокөлік жүргізушісі жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан.

Жол апатынан 44 жастағы ер адам қаза тапты. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды.

ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ведомство өкілдерінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері облыстың автожолдарында 126 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 36 адам қаза тапқан және 186 адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама