×

Елімізде Отан қорғаушы жасындағы 6 миллионға жуық ер-азамат бар

63 жастан асқандары – 767 мың

 Еркеғали Болатұлы 07.05.2023 | 15:15
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда қазір 19 миллионнан аса тұрғын болса, оның 9 миллион 647 мыңы – ерлер.

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, 14 жасқа дейінгі ұлдардың саны – 3 миллион, ал 15 пен 62 жас аралығындағы ерлердің саны 6 миллионға жуықтайды. 63-тен асқан 767 мың қария бар.

Өңірлер бойынша алғанда, Түркістан облысында 1 миллионнан аса ер адам бар. Ер-азаматтардың ең азы Ұлытау облысы аймағында тіркелген. Онда 180 мыңы тұрады.

Жас ерекшеліктері бойынша ерлердің саны:

  • 0-ден 14 жасқа дейін – 3 миллион;
  • 15-тен 62 жасқа дейін – 5 миллион 876 мың;
  • 63 жастан асқандар – 767 мың.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама