×

Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Ол мас болған

 Динара Амантай 06.05.2023 | 10:49
Фото: polisia.kz

Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Павлодар қаласы ПБ-ға Академик Сатпаев көшесіндегі сауда үйдің жанында ер адам пышақпен жүр деген хабарлама келіп түскен. Бұл факті Павлодар қаласының Солтүстік ПБ-де тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, оның жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді.

Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасату үшін денсаулық сақтау ұйымына жеткізді. Нәтижесінде, ер адамның мас күйінде болғаны анықталды. Полиция азаматты Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама