×

Ақтөбе облысында ер адам мас халде автобус жүргізген

Өңірде 2 күннің ішінде қоғамдық көлік және такси жүргізушілері ЖҚЕ-ні 75 рет бұзған

 Динара Амантай 03.05.2023 | 14:34
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында мас халде автобус жүргізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін арттыру мақсатында 2-5 мамыр аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Облыстың автожолдарында өткізілген іс-шараның бірінші күні қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 75 дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 27, жылдамдық режимін бұзудың 3, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1, қозғалыс кезінде телефон пайдаланудың 6, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 1 фактісі анықталды.

Мысалы, бүгін патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде бір фирманың қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жүргізушісінің масаң күйде болғаны анықталды. Автобус арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама