×

Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға 29 сәуірде болған

 Халық үні 02.05.2023 | 09:20
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысындағы «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға 29 сәуір сағат 16:42 шамасында болған. Алдын ала дерек бойынша «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС монтаждау жұмыстарын жүргізді. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды.

Газбен дәнекерлеуші оқиға орнында қайтыс болды. Ол Қазақстан азаматы болған. Қытай халық республикасының азаматы жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді.

«Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. «Великая Стена» БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының tңбек басқармасына, осы оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді», - делінген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ таратқан ақпаратта.

Қазір Маңғыстау облысының еңбек басқармасы басшылық ететін комиссия құрылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама