×

Жаңаөзендегі жарылыс: тағы 2 адам ауруханада көз жұмды

Олар ауруханаға ауыр халде жеткізілген

 Динара Амантай 28.04.2023 | 18:04
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 2 ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, оларға ауыр халде жеткізілген 1972 және 1977 жылы туған 2 ер адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Жаңаөзенде 17 сәуірде таңертең үйлердің бірінде жарылыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Жарылыс салдарынан кіреберіс құлап, оқиға орнында 4 адам қаза тапқан. Сондай-ақ осы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама