×

Алматыда ер адам үйінде қару-жарақ арсеналын жасырған

Ол тәркіленген қарумен бұзақылық жасады деген күдікке ілінген

 Динара Амантай 28.04.2023 | 15:45
Фото: polisia.kz

Алматы тұрғыны үйінде қару-жарақ арсеналын жасырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 28 жастағы ер адам атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінген. Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, 2 мылтық, пневматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі 400-ге жуық оқ-дәрі табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Алдын ала болжамға сүйенсек, бұл қару қылмыстық жолмен алынуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар ұсталған ер адам тәркіленген қарумен бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Аталған деректің мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатыр, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама