×

Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді

Құбылмалы ауа райы сақталады

 Дәурен Ерболат 28.04.2023 | 14:15
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда демалыс күндері тұрғындарға тауға шығуға кеңес берілмейді. Бұл туралы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Быбченко айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, маусымаралық уақытта тауда тұман түсіп, адасу қаупі жоғары болады.

Тауға шыққандар адасып, артқа қайта алмайды. Туыстары алаңдап, бізге хабарласады. Содан кейін біз іздеу жұмыстарын бастаймыз, - деді Андрей Быбченко қаладағы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Маман құбылмалы ауа райында тауға шықпауға кеңес берді. Оның пікірінше, бұл – өте қауіпті.

Жақында құтқарушылар джиптарға отырып, тауда адасып кеткен топты тапты. Екі көлік те байланысқа шықпаған. Онда шамамен 7-8 адам болған.

Біздің топ бірінші болып жолға шықты. Бірақ біз жолдан 2 көлікті емес, 40-қа жуық көлікті таптық. Жолда байланыс болмады. Тауда қар көшкіні жүріп, оларды басып қалғаны анықталды. Бұл құтқару жұмыстарын қиындатты, ауа температурасы да төмен болды. Біз адамдарды аман-есен құтқардық», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама