×

Астана тұрғыны қарт анасына балағат сөздер айтып қорлаған

Ер адам үйіне мас күйінде келіп, үйде жанжал шығарған

 Халық үні 28.04.2023 | 01:02
фото: ernur.kz

Қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

81 жастағы кейуана «102» арнасына хабарласып, 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, өзін кемсітіп, қорлағанын айтқан.

«Ер адам үйіне мас күйінде келіп, үйде жанжал шығарған. Анасына балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлаған, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, 26-28 сәуірі аралығында елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама