×

Ақмолада cинтетикалық есірткі шығаратын зертхана жойылды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 27.04.2023 | 17:46
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері cинтетикалық есірткі шығаратын зертхананы жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, арнайы операция барысында өз үйінің қосалқы үй-жайында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан Астрахан ауданының тұрғыны анықталған. Тұрғылықты жерін тінту кезінде күдіктіден 38 грамнан аса психотроптық a-PvP заты тәркіленді. Сондай-ақ «синтетика» жасау үшін пайдаланылған зертханалық жабдықтар, пластикалық канистрлер және прекурсорлары бар шыны банкалар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Жедел қызметкерлердің айтуынша, шамамен 2022 жылдың қараша айында ер адам Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа орналасқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама