×

Жетісуда «VIDAR» камерасының көмегімен жүргізушілерге 345 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Бейнекамералар 15 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылықты анықтаған

 Динара Амантай 27.04.2023 | 10:13
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында «VIDAR» камерасы үш айда 345 млн теңгеден аса жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 1 тоқсанда жүргізілген талдауға сәйкес, Талдықорған қаласының маңында және облыс орталығындағы 8 бекетте (18 бейнекамера) жұмыс істейтін «VIDAR» АТЖ камералары ЖҚЕ 14 814 бұзушылықты тіркеді. Жүргізушілерге жалпы сомасы 345 278 010 теңгеге айыппұл салынып, 260 миллионнан астамы өндірілді.

Айта кетсек, 26 сәуірде Талдықорған қаласында және оның маңында «VIDAR» камералары орнатылған тағы 10 пост штаттық режимде қосымша жұмыс істей бастады.

Полиция жолға шыққандарды ақпаратты назарға алуға және Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама