×

Қостанай облысында полиция аса ауыр қылмысты ашты

Заречный ауылының 52 жастағы тұрғыны ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 25.04.2023 | 15:39
фото: polisia.kz

Бұған дейін 11 сәуірде Қостанай облысының Қостанай ауданында 59 жастағы тұрғынның мәйіті табылып, сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.

Polisia.kz-тің хабарлауынша,17 сәуірдегі жедел-іздестіру кезінде полицейлер Заречный ауылының бұрын сотталмаған 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды.

Қазір күдікті тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама