×

Түркістан облысында туысын 2,5 млн теңгеге алдаған әйел ұсталды

Енді ол ҚР ҚК-нің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша сотталады

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2023 | 15:29
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөліміне Жетісай ауданының тұрғыны арызданып, туысының 2,5 млн теңгесін алдап алғанын айтты.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, жәбірленушінің туысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін» деп 2,5 млн теңге ақшасын алған. Алайда арада бір жыл уақыт өтсе де уәде етілген несиені де, ақшаны да қайтармаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні тауып, қамауға алды.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама