×

«Өз елімді сағынбаймын»: Түркістанда 8 жыл бойы тұрған якут қызы қазақ тілінде еркін сөйлейді

Ол қазақ топырағына бауыр басып қалған

 Халық үні 24.04.2023 | 08:56
фото: Turkystan телеарнасы

Түркістан қаласында қазақ тілінде еркін сөйлейтін якут қызы білім алады. Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Изабелла Озер біздің елімізге 8 жыл бұрын келген, деп хабарлайды «Түркістан» телеарнасы.

Изабелла Озер Якутия тумасы. Түркістанға алғаш келгенде қазақ тілін білмей, қиналғанын айтады. Ал бүгінде ол қазақша еркін сөйлеп, тіпті, қазақша ойлана бастаған. Оқуын аяқтаған соң, өз еліне қайта оралған Изабелла Якутияда ұзақ тұра алмай, Түркістанға қайта оралды. Себебі қазақ топырағына бауыр басып қалған.

«Маған өз тілім саха тілінде бірдеңе айту керек болса, қазақша ойлайтын болғанмын. Ол жақты сағынамын десем өтірік болады. Маған Қазақстан ұнап қалды. Саха Республикасын емес, өз отбасымды сағынамын. Осы жақта сегіз жыл тұрғандықтан, өз еліме барғанда шетелдік сияқтымын»,- дейді Изабелла.

Бүгінде Изабелла Озер түркітану мамандығы бойынша магистратурада білім алуда. Ол ғылыми жұмыстарды қазақша жазып, конференцияларда қазақша баяндама жасайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама