×

Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 рет операция жасады

Бала 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде жатты

 Динара Амантай 22.04.2023 | 17:11
Фото:elements.envato.com

Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.

Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы айтып берді.

Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды, - деді ол.

Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама