×

Астанада баласына дұрыс тәрбие бермеген ана жауапқа тартылды

Әйел өз кінәсін ішінара мойындады

 Динара Амантай 22.04.2023 | 16:02
Фото: school592.ru

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін С. Есімді әйелге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, әйел кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі бола отырып, оны тәрбиелеу бойынша міндеттерді салғырт орындау салдарынан баланың психоактивті затты қолдану фактісіне әкеп соқтырғаны анықталды.

Әйел өз кінәсін ішінара мойындады. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен, С. және Д.-ның түсініктемелерімен және істің басқа да материалдарымен расталды.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама