×

Айт күндері оразадағы қарызды өтеуге бола ма? – Мүфтият жауабы

Ертең 21 сәуірде Қазақстанда Ораза айт мейрамы басталады

 Айнұр Шошаева 20.04.2023 | 16:13
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айтқа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шариғат бойынша Ораза айт бір күн болып саналады, бұл күні ораза ұстауға тыйым салынады. Яғни үш күн емес, бір күн. Ал Құрбан айт тәшриқ күндер, Құрбан айт баршамызға белгілі 3 күн, тәршиқ күндермен қосылғанда төртеу болып саналады. Осы екі айтта тәшриқ күндерде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ораза ұстауға тыйым салынады делінген, – деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлиев. 

Сондай-ақ маманның түсіндіруі бойынша, сенбі 22 сәуір күні Рамазан айының қаза болған күндерін өтеуді немесе Шәууәл айының оразасын бастауға болады. 

Еске сала кетейік, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталды. Одан бөлек, мүфтият биыл Қазақстанда пітір мөлшерін 535 теңге деп белгіледі.  

Ертең 21 сәуірде Қазақстанда Ораза айт мейрамы басталады. ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама