×

Қарағанды облысында бірнеше интернет-алаяқтыққа қатысы бар 8 күдікті ұсталды

Жәбірленушілерге 29 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген

 Динара Амантай 20.04.2023 | 13:13
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының полицейлері бірнеше интернет-алаяқтыққа қатысы бар 8 күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа қатысты 508 арыз тіркелген. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операциялардың нәтижесінде интернет-алаяқтыққа қатысы бар 8 адам анықталып, ұсталды.

Мәселен, Осакаров аудандық полиция бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК-нің 191-бабымен («Алаяқтық») қозғалған 12 қылмыстық іс бар. Күдікті аудан тұрғындарының сеніміне кіріп, оларды алдап, ақпараттық технологиялардың көмегімен тұрғындарға онлайн несие рәсімдеген. Жәбірленушілерге 12 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгісін берді. Қазір күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 9 дерегіне қатысы бар 24 жастағы күдіктіні ұстады. Оның жасаған қылмысының салдарынан жәбірленушілерге 7 млн теңгеден аса шығын келген. Абай аудандық полиция басқармасына 53 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленушінің телефонына белгісіз біреу банк қызметкерімін деп хабарласып, есепшотын сақтандырамын деген желеумен алдап, 10 млн теңгеден аса ақшасын иемденіп алған.

Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама