×

Күзде студенттердің шәкіртақысы көбейеді

Жатақханаларда 70 мың орын жетпейді

 Халық үні 19.04.2023 | 14:05
Фото: Halyq Uni

Бірінші қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы вице-премьер Алтай Көлгінов елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлгіновтің сөзінше, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысы көтеріледі.

«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы ниверситеттерде 20 пайызға, колледжерде 50 пайызға артады», - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ жатақханаларда 70 мың орын жетпейді. Астана мен Алматы қаласындағы студенттер арасында жатақханаға деген сұраныс жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама