×

Астанада ер адам жүкті әйелін ұрып-соққан

Бұл – ер адамның әйеліне бірінші рет қол көтеруі емес

 Динара Амантай 18.04.2023 | 16:47
Фото: polisia.kz

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан өзін жұбайының ұрып-соққаны туралы хабарлама түскен. 42 жастағы ер адамның үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше зайыбын балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Белгілі болғандай, бұл – ер адамның әйеліне бірінші рет қол көтеруі емес.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама