×

Шымкенттік дәрігерлер баланың миын қаптап кеткен паразиттен тазартты

Олар денеге лас қолдар немесе жануарлар арқылы енеді

 Еркеғали Болатұлы 18.04.2023 | 16:25
фото: ашық дереккөз

Сараптама нәтижесінде шымкенттік дәрігерлер үнемі бас ауруына шағымданып келген 10 жасар балаға церебральды эхинококкоз деген диагноз қойды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, баланың миына паразиттер қаптап кеткен еткен. Осылайша, 2 сағатқа созылған ота сәтті өтіп, науқас жансақтау бөлімінде тағы 2 күн жатқан. Содан бір аптадан кейін ғана үйіне шығарылыпты. Алайда ол қазір дәрігерлердің бақылауында.

Сәуір айында қалалық балалар клиникалық ауруханасына 10 жасар бала түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, эхинококтың құрт тәрізді өскіні жойылды. Диагноз МРТ арқылы қойылды, - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирургі Самат Көкшікбаев.

Айта кетсек, Бас миының эхинококкозы – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындайтын орталық жүйке жүйесінің паразиттік ауруы. Паразиттер денеге лас қолдар немесе жануарлар арқылы енеді. Уақтылы емделмесе, ол өлімге әкелуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама