×

Ауладағы тұрғындар ит талап жатқан әйелді аман алып қалды (ВИДЕО)

Тұрғындар биліктен заңды күшейтіп, бұралқы иттерді атып тастауды сұрап отыр

 Еркеғали Болатұлы 18.04.2023 | 11:47
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бұралқы иттің ауладағы әйелді талап тастай жаздағаны туралы видео тарады.

Видеодан иттің әйелдің қол-аяғы мен етегінен тістелеп жатқанын анық көруге болады. Осы жайттан кейін тұрғындар биліктен заңды күшейтіп, бұралқы иттерді атып тастауды сұрап отыр.

Көшедегі мынадай иттерді ату керек. Ана еркек неге көмектеспеді, әйел адамды ит талап жатқанда? Қайта әйел адам көмектесіп жатыр. Ит әйелдің қолын зақымдаған. Қазір ол ауыруханада жатыр, - деп жазған жазба авторы.

Желі қолданушылары видеоны көргеннен кейін балаларды есік алдына ойнауға жіберуден де жүрексініп қалған. Ал оқиғаның қай жерде болғаны әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама