×

«Қызды соққыға жыққан жасөспірімнің әкесі Антикорда істейді» - ведомство түсінік берді

Зардап шеккен қызға үнемі шабуыл жасалатыны анықталды

 Еркеғали Болатұлы 14.04.2023 | 15:53
фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде бір қызды екінші бір қыздың аяусыз ұрып-соғып жатқаны туралы видео тараған еді. Артынша ұрған қыздың әкесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі екен деген ақпарат шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті осы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Әлеуметтік желілерде АДК сауда орталығында қоғамдық резонанс тудырған оқиға қатысушылары мен ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің бірінің туыстық қарым-қатынасы бар деген ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты бұл фактінің шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми мәлімдейміз. Оқиғаға қатысқан адамдардың ШҚО Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық қатынастары жоқ, – деп жазды департамент бастығы Денис Шакенов Facebook-тегі парақшасына.

Қазір ұрып-соғу фактісі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 5 сәуірде сауда орталығында болған оқиғадан бөлек, зардап шеккен қызға үнемі шабуыл жасалатыны анықталды. Мұны көптеген бейнежазбалар растайды.

Қылмыскердің қалалық мектептердің бірінде оқитыны анықталды. Өскемен қаласының білім бөлімі әлімжеттік көрсеткен 9-сынып оқушысы мектептен шығарылмайтынын және оған оқу орнын бітіруге мүмкіндік берілгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама