×

Жамбыл облысында мал ұрлаған ер адам сотталды

Жәбірленушіге келтірілген залал толық өтелді

 Динара Амантай 14.04.2023 | 14:22
Фото: egemen.kz

Меркі аудандық сотында бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталушы бөтеннің үйінің ауласына заңсыз кіріп, қорасынан 41 бас қойын ұрлап, жәбірленушіге жалпы құны 3 млн 90 мың теңге материалдық залал келтірген.

Жәбірленуші келтірілген залалдың толық өтелуіне қарамастан, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен ер адамға түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама