×

Елімізде киік санағы 15 сәуірде басталады

2022 жылғы санақ нәтижесі бойынша елімізде 1,3 млн киік бар

 Халық үні 13.04.2023 | 14:20
Фото: Экология министрлігі

15 сәуірден бастап Қазақстан аумағындағы киіктердің санын анықтау мақсатында әуе санағы жүргізіледі, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Киіктерді санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған. 

Санақ тобы екіге бөлінген – бірі бетпақдала популяциясында, екіншісі – Орал және Үстірт популяцияларында санақ жүргізіледі. 

Есепке тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы санақ нәтижесі бойынша еліміздегі киік саны 1,3 млн басты құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама