×

Елімізге автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды

Құжат жарияланған күнінен бастап күшіне енді

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 17:50
фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – делінген құжатта.

Құжат жарияланған күнінен бастап, яғни 10 сәуірден бастап күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама