×

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына арналған логотип жасалып жатыр

Келесі жылы Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл

 Айнұр Шошаева 10.04.2023 | 10:01
Сурет: Алтынбек Нұхұлының архивінен

Академик Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығын атап өтуге дайындық басталып жатыр. Белгілі қазақстандық суретші Алмас Сырғабаев мерейтойдың логотипін жасап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni
 
Логотиптің нұсқаларын Халықаралық Сәтбаев қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алтынбек Нухұлы әлеуметтік желіде жариялады

«Қазақтың қайталанбас планетарлық деңгейдегі тұлғасы, Шығыс елдері арасынан шыққан алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне екі күн қалды. 2024 жылы 125 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып өтуі туралы жасаған депутаттық сауалымның орындалу барысында атқарылып жатқан шараның бірі – ол заңғар ғұламаның 125 жылдығының логотипін жасап шығару болатын», – деп жазды ол. 

Логотиптің нұсқаларын белгілі суретші Алмас Сырғабаев жасаған. Ол бұған дейін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Амангелді Иманұлының 150 жылдығының логотипін жасаған болатын. 

Соңғы 20 күндей тығыз виртуалды қатынаста болған біздер, ғасыр ғұламасы ғана емес, мыңжылдықтарға бет бұрған академик Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына арналған логотиптің бірнеше вариантын дайындауда Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан көркем академиясының корреспендент-мүшесі, суретші Алмас Сырғабаев аянбай қызмет атқарды. Логотиптің жетіңкіремей жатқан жақтарын кеңінен талқылап, енді бүгін алғашқы варианттарын Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Бұл Қаныш атамыздың туған күніне жасалған керемет сыйлық болды. Қанекеңнің 125-жылдығына арналған брендбуктің ресми тұсаукесері күзде өтеді деп жоспарлануда, – деп қосты Алтынбек Нухұлы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сенатор Алтынбек Нухұлы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Павлодар әуежайына академиктің атын беруді ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама