×

Астана іргесіндегі ауылда жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды

Ол кеше кешке аулаға серуендеуге шыққан

 Еркеғали Болатұлы 09.04.2023 | 15:56
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды. Ол кәріз құдығына құлап кеткен.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кеше сағат 22:00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап хабарласқан.

Ата-анасының айтуынша, сағат 17:30 шамасында бала аулаға серуендеуге шығып, содан кейін жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері оның денесін үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан тапты.

Қазір полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама