×

Соңғы 3 айда жамбылдық 13 адам ұлтын ауыстыруға өтініш берген

501 азамат тегін ауыстырғысы келсе, 14-і туған күні мен жылын өзгертуді қалаған

 Еркеғали Болатұлы 09.04.2023 | 11:00
фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері, небәрі 3 ай ішінде Жамбыл облысының 13 азаматы өз ұлтын ауыстыру үшін өтініш берген. Бұл туралы Жамбыл облысының ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев мәлімдеді.

Жалпы, облыста анықтама деректерін өзгерту үшін 528 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 501 азамат тегін ауыстырғысы келсе, 14-і туған күні мен жылын өзгертуді қалаған. Тіпті, 13-і өзге ұлт өкілі атанғысы келген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданған 542, ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қабылданған 54 адам құжаттандырылған.

Жалпы алғанда, облыс тұрғындарына 9 657 төлқұжат пен 23 591 жеке куәлік беріліп, 4 295 азаматтың жоғалған құжаттары қайта қалпына келтірілген.

Көрсетілген уақыт аралығында облыс бойынша жеке басын куәландыратын құжаттар ресімдеу үшін 33 мың 139 электрондық өтінім жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама