×

Қызылорда облысында жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Бала саябақта жаңбырдан кейін тайғақ жолда абайсызда құлап қалғанын айтқан

 Динара Амантай 08.04.2023 | 15:00
Фото: t.me/egovpress

Қызылорда облысында жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қазалы аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан кәмелетке толмаған баланың емделіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Алайда жасөспірім 6 сәуірде Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан кейін тайғақ жолда абайсызда құлап қалғанын айтқан. Қазір жігіттің жағдайы қанағаттанарлық, жәбірленуші мен ата-анасынан ешқандай шағым түспеген.

Соған қарамастан тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде қосымша мониторинг жүргізіп, екі кәмелетке толмаған баланың бұл жасөспірімді соққыға жыққанын анықтады.

Аталған дерек Қазалы аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді, – деді Қызылорда облыстық ПД-ның анықтаушысы Рақымжан Сұлтанқұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама