×

Елімізде 8-10 сәуірде қар жауады

Еліміздің солтүстік және шығыс аумағында ауа райы құбылмалы болады

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 13:15
фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Солтүстікте, шығыста жаңбыр жауады.

«9 сәуірде оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. 10 сәуірде оңтүстікте жаңбыр жауып, еліміз бойынша жел соғып, тұман түседі. Оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді. Солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ қаупі бар. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді», –  делінген синоптиктердің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама