×

Алматыда заңсыз салынған кезекті дәмхана сүрілді

Сот шешімімен қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызы қанағаттандырылды

 Динара Амантай 07.04.2023 | 13:05
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда заңсыз салынған кезекті жазғы дәмхана сүрілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Назарбаев даңғылындағы 240-үйде орналасқан «Здесь и сейчас» дәмхана-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүрілетін болды. Bars Holding ЖШС-нің меншік иесі рұқсатсыз мемлекет жеріне қосалқы нысан тұрғызған.

2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) осы қосымшаны бұзу жөнінде талап арыз берді. Алматы қаласы МАЭС шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгін аталмыш нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүрілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама