×

Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдығымен құттықтады

Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

 Халық үні 07.04.2023 | 10:37
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдығымен құттықтады.

Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды, - деп жазды президент.

Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1948 жылы құрылған күніне орай атап өтіледі. 75 жыл ішінде әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті ұйымға мүше болды.

Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. ДДСҰ әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама