×

«Пәтерлер ұтысы». Министрлік алаяқтардан сақ болуға шақырды

Баспана беру мәселесін әкімдіктер шешеді

 Дәурен Ерболат 07.04.2023 | 09:32
Фото: Tengrinews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пәтерлер ұтысы туралы қазақстандықтардан қоңыраулар жиі түсіп жатқанын хабарлап, сақ болуға шақырды, деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алаяқтар өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстырып, конкурстық негізде пәтерлер ұтысын өткізіліп жатқанын айтады. Ұтысты министрлік жергілікті атқарушы органмен бірлесіп ұйымдастырады-мыс. Сондай-ақ олар мемлекеттік органға қарыз туралы мәліметті беретінін, ол өтелген жағдайда тұрғынның конкурстық негізде пәтер алатыны туралы мәлімет береді. ИИДМ бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, - деп жазылған хабарламада.

Тұрғын үй беру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді әрі санаттарға сәйкес кезекке қою күніне байланысты бөлек тізімдермен жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша өзекті ақпарат алу үшін ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің call-орталығына хабарласу керек. Сондықтан министрлік халықты күмәнді жарнамаларға сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама