×

Алматыда жалған банкноттарды сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

 Динара Амантай 06.04.2023 | 12:16
Фото: видеодан скриншот

Алматыда 10 мың теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ азаматтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазір екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда. Тергеу жалғасады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама