×

ШҚО-да 130 келіге жуық марихуана тәркіленді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 06.04.2023 | 11:59
Фото: видеодан скриншот

ШҚО полицейлері 128 келіден аса марихуананы тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 наурызда ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Өскемен қаласының гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы азаматты ұстап, оның өзі мен гаражынан әрі қарай қала маңында сатуға арналған 128 келіден аса марихуана тәркілеген. Алынған есірткі құралдары 64 мың бірреттік дозаға тең.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама