×

Министрлік Атыраудағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Оқиғаның себебі анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2023 | 10:39
фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Атырауда 3 сәуірде болған төтенше жағдайға байланысты хабарлама таратты.

Атырау облысында «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі, Атырау мұнай өңдеу зауытының құбыры мен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС құбырынан қара түтіннің шығуы, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен желдің болмауы экологиялық жағдайды қиындатты. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауытында жанармай газына сұйықтықтың түсуі салдарынан баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимінің бұзылу фактісі тіркелді. Сағат 10:32-де қысқа мерзімді түтіндеу болып, 10:47-де ол толықтай сөндірілген. Ал сағат 10:59-да «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС полипропилен өндіру бойынша біріктірілген газ-химия кешенінде (IGCC) 220 кВ Л-2025 әуе желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан «KUS» ЖШС-нің ПГТЭС-да генерациялау қондырғыларының авариялық жағдай болды, –  делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта екі кәсіпорынға қатысты тексеру басталды. Екі оқиғаның себебі анықталады.

Министрліктің хабарлауынша, кәсіпорындардың, әсіресе Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және газды қолдану жұмыстары жүйелі түрде тіркелген. Былтыр тиісті заңдылықтарды бұзу бойынша дәлелдерге жүгіне отырып, Атырау облысы бойынша Экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық рұқсатын тоқтату туралы материалдарды сотқа жолдаған болатын. Алайда биыл да сапаның жақсармағаны көрініп тұр. Осыған байланысты кәсіпорындар экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мәселесін бақылауға алып, барлығын тез арада бір ретке келтіруі керек.

Осы мәселе бойынша министрлік Атырау мұнай өңдеу зауыты мен «ҚазМұнайГаз», «Самұрық Қазына Өндеу» компанияларына хат жолдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама