×

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

Жұмағали бұрын атқарған қызметінен босатылды

 Халық үні 05.04.2023 | 10:34
Фото: Абзал Қалиев

Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Асхат Жұмағали бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Асхат Жұмағалидің өмірбаяны

Асхат Жұмағали 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.

2000 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында, оның ішінде Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, Бас прокуратураның алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Бас прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2012-2014 жылдары – экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, тергеу департаментінің бастығы;

2014-2016 жылдары – Бас прокурордың аға көмекшісі;

2016-2018 жылдары – Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясы ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры;

2018-2019 жылдары – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;

2019-2021 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;

2021-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.

2022 жылы 7 наурыздан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылып, Президент әкімшілігінің басшысы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама