×

«Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне ірі көлемде айыппұл салынды

ЖШС 7 тәулікте оның 50 пайызын, яғни 13 800 000 теңгесін төледі

 Дастан Жұмабекұлы 29.03.2023 | 16:47
фото: ашық дереккөз

«Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті «Екібастұзжылуэнерго» серіктестігінің табиғи монополиялар саласындағы заңдылықты сақтауын тексерді. Соның нәтижесінде ЖШС-нің 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында қала тұрғындарына жылу энергиясын сапасыз жеткізу түрінде бекітілген температуралық кестенің параметрлерін жүйелі түрде сақтамауын ескере отырып, 27 600 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіппен 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% мөлшерінде 13 800 000 теңге айыппұл төледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама