×

АҚШ-та мектепте атыс болып, алты адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Сент-Пол христиан оқу орталығында болған

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2023 | 12:03
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Теннесси штатының Нэшвилл қаласындағы Сент-Пол христиан мектебінде атыс болып, алты адам қаза тапты. 

BBC-дің хабарлауынша, қаладағы Covenant мектебінде кем дегенде алты адам қаза тапқан. Оның үшеуі 9 жастағы балалар болса, үшеуі – егде жастағы азаматтар.

Полиция өкілінің айтуынша, оқ атқан адамның өзі Нэшвиллдегі Сент-Пол христиан мектебінде бірнеше адамды атып өлтіргеннен кейін нысанаға алынған.

Оқ атқан адам 28 жастағы трансгендер-әйел болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама