×

Астанадағы Ұлттық пантеонға ел президенттерінің отбасы мүшелері жерленбейді

Жаңа ережеден «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» тармағы да сызылған

 Еркеғали Болатұлы 24.03.2023 | 14:40
фото: ашық дереккөз

Елордадағы Ұлттық пантеонды пайдалану ережесі қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжаттың жерлеу тізімінде бірқатар өзгеріс бар.

Айта кетсек, Ұлттық пантеон Астана қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда жерлеу тәртібін ретке келтіру үшін құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. «Ашық НҚА» порталында жарияланған Үкімет қаулысы 7 сәуірге дейін қаралады. Одан бұған дейінгі «ҚР президенттерінің отбасыларының мүшелері» деген тармақ алынып тасталған.

Ережелердің 5-тармағында пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлерінің айқындалуына орай, отбасы мүшелерін алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес «отбасылардың мүшелері» ұғымы қарастырылмаған. Сонымен бірге, осы ереже тұлғалардың жұбайы немесе зайыбын жерлеу мүмкіндігін қарастырған, – делінген құжатта.

Сондай-ақ жаңа ережеден елдегі бірқатар лауазым және заң күшінің жойылуына байланысты «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» тармағы да сызылған.

4-тармақтағы мемориалдық ғимарат, «Естелік қабырғасы» монументі бар естелік музейі ғимараттарын салу жоспары да тізімнен алынып отыр.

«Себебі олар бойынша ГИЖ, ЖСҚ әзірлеу және құрылыстың өзін жүргізу қарастырылмаған. Жергілікті және республикалық бюджеттерде жуық мерзімге арналған қаржылық жылдарға және одан әрі жоспарда қаржыландыру қарастырылмаған», – деп жазылған құжатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама